Открытка (плейкаст) «1885 жылы жазылған өлең»

akaset , 14 мая 2015 года 7:44

Посмотреть в полном виде

Изображение для плейкаста
Изображение для плейкаста
1885 жылы жазылған өлең: 
Абайдың "
Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңінің
130 жылдығына арналған

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы — бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де баска шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

Абай. Шығармалары.- Т.1. Өлеңдер мен аудармалар.- Астана: Фолиант, 2011.- 456 б.

 

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қорына келіп түскен «Алтай – Ертіс кітапханасы» сериясымен басылып шыққан, қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының екі томдық толық шығармалар жинағының бірінші томына 1885 жылы жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі кірген.
Кеше ғана жазылған өлең сияқты...
Арада 130 жыл өтті деп кім айтады...

Міне поэзиянің күші, сөздің күші... 

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы

Автоматтандыру бөлімі
Звук:Салтанат - кюй К себе
Изображение: Абайдың өлеңі, Кунанбаев Абай
Текст:Абай
Тэги: өлең абай кітапханасы абай-170



поделиться
закрыть
Социальная сеть Cсылка HTML-код BB-код Отправить на Email
Для отправки плейкаста, выберите социальную сеть, в которой находится ваш друг:
Пожалуйста, подождите.
закрыть

Последние комментарии (всего 0)