Плейкаст «Абайды дүниежүзілік әдебиеттің өресіне көтерген туынды»

akaset , 10 июня 2015 года 10:22

Посмотреть в полном виде

Изображение для плейкаста
  «Айттым сәлем, қалам қас...» — Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 10 шумақтан тұрады. Шығарма Абайды дүниежүзілік  әдебиеттің өресіне көтерген туындыларының бірі.      Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт — Абай тұсындағы оқыған өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат. Жігіт үшін бүл дүниеде сүйгенінен артық ешкім жоқ. Бәрін соның жолына құрбан етуге әзір. Сол антының растығын сағынғанда көзіне келетін ыстық жасымен дәлелдейді. Өлең бірте-бірте ыстық ләззат сезімін тербеп, жан мен тән іңкәрлығына жетелейді. Дегенмен, ақын өлеңде арнайы ғашықтыққа, тәтті сезімді селт еткізіп түршіктірер тұрпайылыққа бармайды.
“ Иығымда сіздің шаш,
Айқайласып тай-талас,
Ләззат алсақ болмай ма,
Көз жұмулы, көңіл мас?”
 — деп, көркем сурет жасайды. Ақын жанды ләззатқа бөлер тәттіні сарқа ішкізбейді, тағы түбінде не бар дегізіп, ынтықтырып қояды, яғни әдептілік шегінен өтіп кетпейді. Бірақ айтайын дегенін барынша жеткізіп айта біледі. Өмір сыйына сол сыйлықты ұсына білген ғана лайық дегізеді.
    Өлең 7-8 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 ж. С.Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Оның басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1933 жылғы басылымында 1-шумақтың 4-жолы «Ағар көзден ыстық жас» болып басылған. Ал Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909 жылғы жинақта, кейінгі басылымдарда бұл жол «Келер көзге ыстық жас» ретіңде берілген. Сондай-ақ 1954 жылғы жинақта өлең «Жігіт сөзі» деген айдармен ұсынылған.
Абайды дүниежүзілік әдебиеттің өресіне көтерген туынды

Айттым сәлем, Қаламқас


Айттым  сәлем, Қаламқас
Саған құрбан мал мен бас
Сағынғаннан  бiр сенi ойлай
Келер көзден ыстық жас
 
Сенен артық  жан тумас
Туса туар  артылмас
Бір өзіңнен  басқаға
Ынтықтығым  айтылмас
 
Асыл адам  айнымас
Бір бетінен  қайырылмас
Көрмесем де,  көрсем де
Көңілім сенен  айырылмас
Шығыс Қазақстан облыстық
Абай атындағы әмбебап кітапханасы 

semeybib@yandex.kz 
8(7222) 520-144
Абай  Құнанбаевтың  170-жылдығына  орай
Изображение: Золотые звездочки — бесплатный клипарт Playcast, Абай
Текст:Википедия
Тэги: поэзия абай кітапхана семей өлең



поделиться
закрыть
Социальная сеть Cсылка HTML-код BB-код Отправить на Email
Для отправки плейкаста, выберите социальную сеть, в которой находится ваш друг:
Пожалуйста, подождите.
закрыть

Последние комментарии (всего 0)